$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытай мен Орталық Азия елдері ел басқару және гуманитарлық серіктестік мәселелерін талқылады

Қытай мен Орталық Азия серіктестігі жаңа деңгейге шығып жатыр

Қытай мен Орталық Азия елдері ел басқару және гуманитарлық серіктестік мәселелерін талқылады
Фото: Azattyq Ruhy

Астанада Қытай мен Орталық Азия елдері арасында ел басқару тәжірибесі мен гуманитарлық байланыстар жөніндегі симпозиум өтті. Іс-шара Қытай-Орталық Азия екінші саммиті қарсаңында ұйымдастырылып, серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қытай Коммунистік партиясының өкілі Ху Хэпин екіжақты тарихи және мәдени байланыстарға назар аударып, «Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы әріптестік – заман талабы мен тарихи таңдау нәтижесі» екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ Сиань қаласында өткен Қытай-Орталық Азия саммитінің маңызын ерекше атап өтіп, стратегиялық серіктестіктің жүзеге аса бастағанын айтты.

Ху Хэпин бұл бастаманың 2013 жылы жарияланғанын еске салып, Қытай мен Орталық Азия елдері бірлесіп инфрақұрылым мен мәдени жобаларды жүзеге асырып жатқанын айтты.

 «Көпғасырлық достығымызды дамытуымыз керек», — деді ол.

 «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек геосаяси тұрақсыздық жағдайында елдер арасындағы ашық диалог пен сенімнің маңыздылығын атап өтті.

«Әлем техтоникалық өзгерістер үстінде тұр. Осындай турбулентті кезеңде елдер арасында ашық диалог қажет. Өзара сенім мен ынтымақтастық – қазіргі жағдайдағы басты қажеттілік», - деді Дәулет Кәрібек.

Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті мысалға келтіріп, бұл бағытта партиялардың да белсенді болуы қажет деді.

Өз кезегінде АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай тарихи Жібек жолының қазіргі заманғы маңызын атап өтіп, энергетика, цифрландыру, ғылым және жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету керектігін жеткізді.

 «Біз тәжірибе алмасуды тереңдетіп, нақты жобаларды іске асырып жатырмыз», — деді ол.

Серіктес жаңалықтары