$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

LRT биыл емес келесі жылы іске қосылады – Скляр

Үкімет басшысының бірінші орынбасары жаңа мерзімді атады

LRT биыл емес келесі жылы іске қосылады – Скляр
Фото: clrt.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесінің (ағылш. Light Rail Transport, қысқаша – LRT) тестілік іске қосылуы 2026 жылдың соңында басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен толық сенімдімін, тестілік іске қосу келесі жылдың соңында басталады. Өзімнің білуімше, келесі жылы», – деді Скляр Ақорданың кулуарында.

Айта кетейік, 28 қаңтарда Парламент пен Үкіметтің бірлескен отырысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тестілік іске қосу 2025 жылдың күзіне жоспарланғанын хабарлаған болатын.

«LRT жобасы аяқталып қалды. Жазда құрылыс жұмысы толық аяқталады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар келеді, содан кейін белсенді тестілік сынақтар басталады», – деген еді сол кезде Қасымбек.

Серіктес жаңалықтары