$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында 7 жыл алимент төлемеген адам сотталып кетті

Оның алимент бойынша жалпы қарызы 12,6 млн теңгеге жеткен

Жамбыл облысында 7 жыл алимент төлемеген адам сотталып кетті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуратурасы алимент төлемеген азаматқа қатысты қылмыстық жауапкершілік шараларын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 жыл бойы алимент төлемеген

2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ аудандық прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуден қасақана жалтарған «Н» азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Борышкердің төлеу мүмкіндігі бола тұра, ол 7 жыл бойы міндетін орындамай келген. Нәтижесінде 2018 жылдан бері алимент бойынша жиналған қарыз сомасы 12,6 миллион теңгеге жеткен.

Сот үкімі: бас бостандығын шектеу

2025 жылдың 25 сәуірінде Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Н» азаматын ҚР ҚК-нің 139-бабымен кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Аталған үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура: Ата-аналар жауапкершілікті ұмытпауы тиіс

Жамбыл облысының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жалғастырып жатыр. Құзырлы орган барлық ата-аналарға құқықтық міндеттемелерін орындаудың маңыздылығын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары