$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында есірткі өндіретін ірі зертхана ашқандар ұсталды

Күдікті ретінде 42 жастағы ер адам мен оның сыбайласы ұсталды

Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық Полиция департаменті синтетикалық есірткі өндіруге арналған зертхананы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тінту кезінде тәркіленгендер:

  • 200 граммға жуық синтетикалық есірткі;

  • 150 килограмм химиялық прекурсорлар;
  • Есірткі өндіруге арналған зертханалық жабдықтар;
  • 9 миллион теңгеден астам қолма-қол қаражат;
  • 2 бірлік атыс қаруы.

Қылмыстық әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен 42 жастағы ер адам мен оның сыбайласы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сараптама және тергеу:

Тәркіленген заттар бойынша тиісті сот-химиялық сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жаза түрі:

Күдіктілерге қатысты баптың санкциясы бойынша мүлікті тәркілеумен бірге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, іс облыс прокуратурасының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары