28.05.2025, 14:49
Жаңалықтар
Қазақстанның батыс өңірлеріне 38 градус аптап ыстық келе жатыр
Суық антициклон елдің шығыс бөлігіне әсер етеді
Фото: freepik.com
«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, суық антициклон елдің шығыс бөлігіне әсер етуді жалғастырады.
Түнгі уақытта жекелеген аудандарда 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Тіпті республиканың оңтүстік-шығысындағы тұрғындар да антициклонның тынысын сезеді, күндіз жылдың осы уақытына тән емес 20-25 градус жылу күтіледі.
«Елдің батысына Иранның жылы ауа массалары әсер етеді, олар ауа райын жауын-шашынсыз сақтайды және ауа температурасының 33-38 градусқа дейін көтерілуіне әкеледі», - делінген синоптиктер болжамында.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
16.11.2026, 10:55
Бауырын баққызып, үй жинату үшін кешкі мектепке жібереді: Қазақстандағы ата-ана баласын оқудан неге шығарып алады
