$ 509.26  574.75  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Назарбаев зияткерлік мектебінен қуылған оқушы қайда оқитыны белгілі болды

Жағымсыз оқиға Алматы қаласындағы мектепте болды

Назарбаев зияткерлік мектебінен қуылған оқушы қайда оқитыны белгілі болды
Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Назарбаев зияткерлік мектептерінің төрағасы Әнуар Жанғозин оқудан шығарылған жасөспірім қайта қабылданбайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жағымсыз оқиға Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болды.

«Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде орын алған жағдайға байланысты оқушымен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен кездесу өткіздім. Талқылауға сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Кездесу барысында бұған дейін қабылданған шешім қайта қаралып, тараптар өзара түсіністікке келді. Назарбаев Зияткерлік мектебі өз шешімін өзгертпейді, оқушы мектептен шығарылып, мемлекеттік жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды. Оқушының ата-анасы тарапынан ешқандай қарсылық жоқ», - деп жазды Әнуар Жанғозин.

Ол сөзін жалғай отырып, ұстазға құрмет көрсету мәселесін қозғап өтті.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері шәкірттерге әрдайым құрметпен қарап, қолдау көрсетуді және өзара сыйластыққа негізделген сындарлы қарым-қатынасты басты қағида ретінде ұстанады. Дегенмен, мұғалімдерге құрметпен қарау – мектеп үшін өзгермейтін және қатаң сақталатын талап.

Қоғамның бұл мәселеге бейжай қарамай, белсенділік танытқанына алғыс білдіремін. Біз кері байланысты және ашық диалогты жоғары бағалаймыз.

Сондай-ақ оқу-ағарту министріне, министрлік өкілдеріне және бала құқықтары жөніндегі уәкілдерге аталған жағдайға жіті көңіл бөліп, қолдау көрсеткендері үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Назарбаев зияткерлік мектептерінің төрағасы.

Айта кетейік, осыған дейін емтиханға телефонмен кіріп, мұғалімді боқтаған оқушы мектептен қуылғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары