$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Владимир Путин Әлиевті тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдаған

Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықты атап өткен

Владимир Путин Әлиевті тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдаған
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Ресей Президенті Владимир Путин Әзербайжан республикасының президенті Ильхам Әлиевке ұлттық мереке - тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Құттықтау мәтіні Әзербайжан Президентінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеделхатта Путин Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық даму жолында сенімді түрде ілгері жылжып келе жатқанын және халықаралық аренада беделі артып отырғанын атап өткен.

«Ресей мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас достық және одақтастық сипатқа ие. Ортақ күш-жігеріміз арқылы конструктивті екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы әріптестікті одан әрі дамытуға мүмкіндік бар деп сенемін. Бұл екі халықтың мүддесіне толық сай келеді әрі Оңтүстік Кавказ бен Каспий аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға сеп болады», — делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Ресей басшысы Ильхам Әлиевке зор денсаулық пен табыс, ал бүкіл Әзербайжан халқына бейбіт өмір мен өркендеу тіледі.

 

Серіктес жаңалықтары