27.05.2025, 08:58
Жаңалықтар
Астананың орталық көшелерінің бірі тағы бірнеше күнге жабылып қалды
Қазір бұл көшеде жөндеу жүріп жатыр
Фото: istockphoto.com
Астана қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмысына байланысты тағы бірнеше күнге жабылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігі аталмыш көше қай күндері жабық болатынын түсіндірді.
Осыған байланысты:
- 28 және 29 мамырда Б. Майлин көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады;
- 30 және 31 мамырда Күйші Дина көшесінен Қажымұқан Мұнайтпасов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген қалалық әкімдік хабарламасында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды