$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда 23 мың гектар жайылым жер жетіспейді

Қаланың ауылдық округтерінде тіркелген мал саны – 4 мыңға жуық

Оралда 23 мың гектар жайылым жер жетіспейді
Фото: istockphoto.com

Орал қаласында жайылым мәселесі күн тәртібіне шықты. Бұл туралы қаланың Жер қатынастары бөлімінің басшысы Мирас Мұхитов қоғамдық кеңес отырысында көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала аумағы – 73 мың гектар

«Мой город» басылымының мәліметінше, Орал қаласының жалпы жер аумағы – 73 мың гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер – 13 мың гектарға жуық.

Мал басының көбеюі – жайылым жетіспеушілігіне себеп

Қаланың ауылдық округтерінде тіркелген мал саны:

  • 2 510 бас ірі қара;
  • 5 174 бас ұсақ мал;
  • 568 бас жылқы.

«Жеке аулаларда мал басының артуына байланысты кейбір ауылдарда 23 мың гектар жайылым жетіспеушілігі байқалып отыр», — деді Мирас Мұхитов.

Шешу жолдары ұсынылды

Маманның айтуынша, жайылым мәселесін шешу үшін:

  • Мемлекеттік жер қорынан жайылымдық алқаптарды тиімді бөлу,
  • Елді мекен жерлері, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен қаланың қор жерлері есебінен жайылым көлемін арттыру қажет.

Белгілі болғандай, мұндай ұсыныстар мал шаруашылығын қолдау, тұрғындар қажеттілігін өтеу және жерді ұтымды пайдалану мақсатында қолға алынып отыр.

Серіктес жаңалықтары