Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазба тарады
Әлеуметтік желіде Жетібай-Шетпе автожолының бойында түсірілген бейнежазбалар жарияланды. Кадрдан жолдың қалың шаң тозаңмен көмкерілгенін байқауға болады. Бұл жағдай жүргізушілердің көру мүмкіндігін күрт төмендетіп, қозғалысты едәуір қиындатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол жөндеу жұмысына байланысты жүргізушілер негізгі жолды айналып өтуге мәжбүр. Айналма жолдың ұзындығы шамамен 15-20 шақырымды құрайды. Алайда бұл бағыт жүргізушілер үшін нағыз сынаққа айналып отыр.
«Қатты шаңның салдарынан қарсы бағыттағы көліктер мүлде көрінбейді. Егер апат болса қайтеміз?» — дейді көлік иелерінің бірі.
Lada.kz мәліметінше, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайдың жол жөндеу жұмысына байланысты туындағанын растады.
«Полицейлер жолдың жағдайын бақылауға алып, оқиға орнына жол жөндеу мекемесінің өкілдерін шақырды. Қазіргі таңда шаң көтерілмеуі үшін жолға үнемі су себіліп отырады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін аймақ басшылығы республикалық маңызы бар «Кұрық-Жетібай» автожолының күрделі жөндеуін 2025 жылдың соңына дейін толық аяқтауға уәде берген болатын.
Ұзындығы 64 шақырым болатын жол учаскесінде жөндеу жұмысы 2023 жылы басталған. Қазіргі уақытта 40-64 шақырым аралығы жөнделіп біткен. Ал қалған 0-40 шақырым аралығындағы бөлікті осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның мердігері — «Ақ жол құрылыс» ЖШС.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысында келесі жол учаскелерінде құрылыс және жөндеу жұмысы жалғасуда: