25.05.2025, 18:42
Жаңалықтар
26 мамырда Қазақстанда найзағай ойнап, үсік жүреді
Кей жерлерде қатты жаңбыр болады
Фото: © freepik.com
Қазгидромет мамандары 26 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қай өңірлерде жауын-шашын күтіледі?
- Шығыс пен оңтүстік-шығыста – жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жаңбыр болады;
- Орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда – бұршақ пен дауыл болуы мүмкін;
- Батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде – жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ауа райының қауіпті құбылыстары
- Күндіз еліміздің бірқатар облысында жел күшейеді;
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – шаңды дауыл көтеріледі;
- Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Үсік қаупі бар өңірлер
26 мамыр күні түнде мына облыстарда 1–6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін:
- Солтүстік Қазақстан
- Қостанай
- Ақтөбе (солтүстігі мен шығысы)
- Ақмола (батысы, солтүстігі, шығысы)
- Павлодар (батысы, солтүстігі)
- Қарағанды (батысы мен солтүстігі)
- Ұлытау (солтүстік аудандары).
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды