Бақыт Сәрсекбаевтың шәкіртін жеңіске жетелеген сәті жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)
Ол шәкіртін рингке ертіп шығып, жекпе-жек кезінде ақыл-кеңесін айтты

Бокстан жастар құрамасының жаттықтырушысы, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың шәкіртін жеңіске жетелеген сәті жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода Бақыт Сәрсекбаевтың шәкіртін рингке ертіп шыққан сәті, жекпе-жек кезінде айтқан ақыл-кеңесі көрсетілген.
«Алдыңғы қолыңмен бастап, артқы қолыңмен аяқта. Ішінен, бүйірінен ұр. Ұзаққа бармайды, құлайды», - деген сәті видеоға түсіп қалған.
Бапкердің айтқан ақыл-кеңесі жұртты еріксіз сүйсінтті.
«Осылай әркім өзінің мамандығымен айналысса жақсы болады», «Баяғыдан Бақытты әкелмей неғып жүр», «Бақыт бауырым қазақ боксын биікке көтеретін бапкер!», «Ер жігіт қой! Барын салып күйіп жанып отыр! Өзі секілді аш қасқырларды алып келген», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Бақыт Сәрсекбаев жастарға соққыны дұрыс жасауды үйреткен видеосы желіде таралған болатын.