$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қолдарыңды бос сермейсіңдер»: Бақыт Сәрсекбаев жастарға соққыны дұрыс жасауды үйретті (ВИДЕО)

Ол боксқа қатысып жүрген жас спортшыларға дұрыс соққы жасаудың тәсілін көрсетті

«Қолдарыңды бос сермейсіңдер»: Бақыт Сәрсекбаев жастарға соққыны дұрыс жасауды үйретті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жастарға мастер-класс өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода ол боксқа қатысып жүрген жас спортшыларға дұрыс соққы жасаудың тәсілін көрсетті.

«Қолдарыңды бостан бос сермейсіңдер. Бұл дұрыс емес. Менің соққыма қарасаңыздар, иығым мен бетім бір деңгейде болады. Түсіндіңіздер ме?» - дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Оның бұл видеосына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Барып көргім келеді жаттығуына», «Жаттықтырушының талабы өте жоғары. Осы құраммен керемет нәтиже шығарады деп үміттенемін», «Бақыт – Қазақстан боксының аңызы», «Бақыт Сәрсекбаевтың жаттықтырушы болғанына қуанып отырмын», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары