$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда дәрі-дәрмек 30%-ға дейін арзандайды

Шекті бағаны реттеудің жаңа тетігі мемлекет есебінен тегін берілетін дәрілерге қолданылады

Қазақстанда дәрі-дәрмек 30%-ға дейін арзандайды
Фото: ru.freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға баға қалыптастыру жүйесін қайта қарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметі.

Шекті бағаны реттеудің жаңа тетігі мемлекет есебінен тегін берілетін дәрілерге – ТМККК мен МӘМС шеңберінде, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда арқылы сатылатын препараттарға қатысты қолданылады.

«Амбулаториялық және стационарлық емдеуге арналған тегін дәрілердің тізбесінде бағалар 19%-ға дейін, ал бөлшек сауда дәріханаларындағы бағалар 30%-ға дейін төмендейді», - деп жазылған хабарламада.

Жаңартылған тізбе мыналарды қамтиды:

  • 3475 дәрі-дәрмектің және 2917 медициналық бұйымның атауы (ТМККК және МӘМС шеңберінде)
  • 5936 препарат – көтерме және бөлшек саудаға арналған

Баға төмендеуінің орташа көрсеткіштері:

  • 2222 дәрі атауы бойынша – 18%-ға дейін
  • 1847 медициналық бұйым бойынша – 14%-ға дейін
  • дәріханаларда 5492 дәрінің атауы – 30%-ға дейін

Дәрілік заттың сауда атауына белгіленген шекті баға сол препаратқа бекітілген көтерме шекті бағадан аспайды. Шекті баға дәрілік заттың шығару түрі, дозасы, концентрациясы, көлемі мен қаптамасы, сондай-ақ өлшем бірлігі ескеріле отырып есептеледі.

Серіктес жаңалықтары