«Менің бауырым өлгенде ол күліп отыр»: беттестіруде Ғайыпбаев пен Қалиахмет сөзге келіп қалған
Екі тараптың адвокаттары оларды сабырға шақырады

Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев пен күдікті Дидар Қалиахмет беттестіру кезінде сөзге келіп қалған. Ол сотта көрсетілген айғақ видеода бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұрқанат Ғайыпбаев қанды оқиға күні Нұрбол Тоқтаубаевтан кешірім сұрап, 16 жастағы балаға тиіспеуін сұраған. Алайда Тоқтаубаев сол жерде тұрып Шыңғыс, Абзал, Нұрқиястарға хабарласа бастаған. Дархан Әскентай да өз балаларын шақырған.
Осы сөздерді айтып жатқанда жәбірленушінің адвокаты Дидар Қалиахмет күліп отырғанына ескерту жасайды.
Ал күдіктінің адвокаты «күле ме, жылай ма» өзі біледі деп жауап берген.
«Менің бауырым өліп отыр, күліп отыруы керек пе?», - дейді Нұрқанат Ғайыпбаев.
Дидар Қалиахмет Ғайыпбаевқа «сен өтірік айтып отырсың» деп дікеңдейді. Екеуі сөзге келіп қалған соң адвокаттары сабырға шақырған.
Естеріңізге сала кетейік, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр.