$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ақша жоқ»: Тараз әкімдігі 4,5 мың баланы спортпен айналысу мүмкіндігінен айырған

Әкімдіктің заңсыз әрекеті анықталды

«Ақша жоқ»: Тараз әкімдігі 4,5 мың баланы спортпен айналысу мүмкіндігінен айырған
Фото: freepik.com

Тараз қаласының әкімдігі 4 мыңнан астам баланы заңсыз түрде спортпен шұғылдануына мүмкіндік бермеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балалардың құқықтарын қорғау Тараз қаласының прокуратурасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай прокуратура Жамбыл облысының спорт басқармасының балалардың спорт секцияларына қатысу құқықтарын сақтау мәселесіне талдау жүргізді.

Балалардың спортпен айналысу кезегін заңсыз тоқтату анықталды

«Басқарма бюджет қаражаты жоқ деген желеумен бір жылға жуық уақыт бойы балалардың спортпен шұғылдану кезегін заңсыз тоқтатқаны анықталды. Ал қолданыстағы заңнамада қаражат болмауына байланысты кезекті тоқтата тұруға қатысты нормалар қарастырылмаған», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

4560 баланың мүддесі қорғалды

Қалалық прокуратураның қадағалау актісінің нәтижесінде «Damu bala» платформасындағы заңсыз тоқтатылған кезек қалпына келтіріліп, 4560 кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалды.

Тәртіптік жауапкершілікке 4 адам тартылды

Аталған оқиғаға байланысты 4 адам тәртіптік жауапкершілікке алынды, оның ішінде 2 басшы бар.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған такси қызметі тәулік бойы қолжетімді болды

Прокуратура мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы таксилердің тек жұмыс күндері және күндізгі уақытта қызмет көрсететінін анықтап, қадағалау актісімен «Инватакси» қызметінің жұмыс режимі қайта қаралды. Енді бұл қызмет тәулік бойы, соның ішінде мереке және демалыс күндері де қолжетімді болады.

Серіктес жаңалықтары