$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Үш күн бұрын маған қастандық жасалған»: Абзал Шынасыл пышақты не үшін алып жүргенін түсіндірді

Ол қорғану мақсатында ас пышағын қалтасына салып алған

«Үш күн бұрын маған қастандық жасалған»: Абзал Шынасыл пышақты не үшін алып жүргенін түсіндірді
Фото: видеодан скриншот

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында басты күдікті Абзал Шынасыл төбелес болған күні пышақты не себепті алып жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, «Эйфория» кафесіне барған кезде ол төбелес болатынын алдын ала білмеген.

«Сол жағдайға дейін Талғардағы «Арман» жанармай бекетінде үш белгісіз азамат маған қастандық жасаған болатын. Олар мені ұрып, көзіме ащы бұрыш сеуіп, пышақпен қуған еді. Сол кезде қашып құтылып кеттім. Сол күні үйден шыққанда, қорғану мақсатында ас пышағын қалтама салып алғанмын. Ол пышақты Ілияс пен Нұрқиясқа көрсеттім», – деді Абзал Шынасыл.

Сот отырысында Абзал Шынасыл өзін видеоға түсіруге рұқсат берді. Сонымен қатар ол төбелес кезінде Шерзатты теуіп, Нұрғанатқа үш рет пышақ сұққанын растады.

Еске сала кетейік, қазір16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі өтіп жатыр. Сотты біздің ютуб-каналдан онлайн көре аласыздар. 

Серіктес жаңалықтары