Елуден асқан Меруерт Түсіпбаеваға бес жас кіші еркек ұсыныс жасады
Әнші желідегі парақшасында өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасалғанын айтты

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаеваға 5 жас кіші ер адам тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншіге жазылған хат
Әнші желі қолданушыларының бірі жолдаған хатты Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
«Әйел болуға дайынсың ба? Меруерт, сенен көп кіші емеспін. 5 жас қана арамыз. Тиесің бе маған? Маған тисең өзгересің, Меруерт. Әйел екеніңді сезінесің», - деп жазылған хатта.
Ал әншінің өзі бұл хатқа қатысты пікір білдіріп өтті.
«Менің мінезімді, бірбеткей болмысымды өзгерткісі келетін тағы бір пенде хат жазды. Сізді өзгерткісі келетін адамдардар бар ма?» - деп жазды Меруерт Түсіпбаеваның өзі.
Жұрт не дейді?
Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді.
«Өзіне көп алатын досыңды белгіле деші», «Сұлулыққа қызықпайтын адам жоқ, сіз сұлу болғандықтан сізге қызығатын ер азаматтар қай жаста болсаңыз да табылады», «Ойбай, мен мына кісіге күйеуге деп қатесіз жазғанына риза болдым», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған.