$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

VIP-те тығылып отырмаймын, халықтың арасында жүремін – Бақтияр Артаев (ВИДЕО)

Ол Қызылорда облысында спортты дамыту үшін қандай шаруалар атқарып жатқанын айтты

VIP-те тығылып отырмаймын, халықтың арасында жүремін – Бақтияр Артаев (ВИДЕО)
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы, бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев «Қайсар» футбол клубының жанкүйерлерімен кездесуде жұмысының ауырлығы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Афина Олимпиадасының чемпионы «Қайсар» футбол клубының әр ойынында жанкүйерлермен бірге отыратынын айтты.

«Мен VIP-те отырып қашып кеткен жоқпын. Мен сол жерде отырып, 23:30-да футбол біткеннен кейін әкімдікке барып, Қызылордада салынып жатқан аренаға қатысты бюджеттік өтінім беріп, 00:30-да жұмыстан шықтым. Міне футбол матчынан кейін сол жаққа бардым. Мен еш жерден қашқан емеспін.

Қай ойын болмасын, мен халықтың арасында отырамын. VIP-те тығылып, шай ішіп отырған жоқпын. Ал іздеген уақытта әкімдікте отырдым», - дейді Бақтияр Артаев.

Ол сөзін жалғай отырып, Қазалы ауданындағы проблеманы қозғай отырып, шешу үшін қандай шаруалар орындағанын айтып өтті.

«Өкінішке қарай, бізде директор (ред. – Қазалыдағы спорт бөлімі) дұрыс жұмыс істемей жатыр, ғимараттардың бәрін талқандап, балаларды спорт жарыстарына жібермейді. Сол директорды қызметінен босатып, орнына директор тағайындап, бір ай ішінде жағдайды реттеуді тапсырдым. Соның бәрін аяқтап кешкі 8-де келдім. Содан халық іздеп жатыр деп кездесуге бардым. Себебі, бұл орынға спортты дамыту үшін келдік.

Осы орынға келсем де артымнан Астанадан немесе Тараздан бір адамды алып келген жоқпын. Осы жердің жергілікті жігіттерімен жұмыс істеп жатырмыз. «Қайсар» футбол клубын, басқа да орындарды алайық. Мен алып келген бір адам жоқ. Бәрі осы жердің азаматы.

Ал «Қайсар» клубына келер болсақ, 7 аудан бар, сол 7 ауданның балалары ойнап жатыр. Кезінде Мақсат Байжановтар ойнады емес пе! Соны қайта жандандыруды ниет етіп отырмыз», - дейді Афина Олимпиадасының чемпионы.

Серіктес жаңалықтары