Алматыда туристер адасып кетті (ВИДЕО)
Оларға құтқарушылар көмекке барды

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Іле Алатауы тауларынан туристерді эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туристер таудан өз бетінше түсе алмаған
«ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері Фурманов шыңынаа (3053 м) жақын жердегі Энтузиасттар даласы аумағында таудан өз бетінше түсе алмаған туристер тобына көмек көрсетті», - деп жазылған хабарламада.
Олар тұман мен жаңбырдың салдарынан адасып қалған.
Құтқару жұмыстары сәтті аяқталды
Құтқарушылардың жедел тобы дереу «Медеу» бекетінен шығып, Қимасар шатқалы арқылы зардап шеккендерге жаяу жетті. Құтқарушылар туристерді қызметтік көлікке жеткізді. Эвакуацияланған туристер медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Төтенше жағдайлар министрлігі туристерге тауға шыққанда ауа райы жағдайын ескеріп, жеке қауіпсіздік шараларын елеусіз қалдырмау керектігін тағы да еске салды.