Анасына гүл сыйлаған жігіттің әрекеті жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Видео 6,5 миллионнан астам қаралым жинаған

TikTok-та анасына гүл сыйламақ болған жігіттің күтпеген әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеодағы жағдай
Гүл шоғын алып, көлікке келе жатқан жігіт оны анасына бермек болады. Алайда жолда гүлдің негізгі бөлігі түсіп қалғанын байқамай, тек гүлдің сыртын орауға арналған бос қағазды береді. Кейін қателігін түсініп, қайта оралып, жерге түскен гүлді алып келеді.
Видео астына жазылған мәтін «me mood» — бұл жазу көрерменнің өзін оқиғаның ортасында жүргендей сезіндіреді.
6,5 миллон қаралым
Видеоны 800 мыңнан астам адам көріп, 7 мыңдай пікір қалдырған. Жалпы видео 6,5 миллионнан астам қаралым жинаған. Оны 25 мыңдай адам сақтап алып, 428 мың рет бөліскен.
Қолданушылардың басым бөлігі бұл сәтті әсерлі әрі шынайы деп бағалаған. Көпшілігі жігіттің анасына гүл алып шыққан ниетін ерекше ықыласпен қабылдаған.