Олардың бірі бөгде затты жұтып қойған
Солтүстік Қазақстан облысындағы №51 мекемеде үш сотталушыдан тыйым салынған заттар тәркіленді. Осыдан кейін олар өз денесіне жарақат салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, сотталғандарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Олардың бірі бөгде затты жұтып қойған, оған қалалық ауруханада ота жасалды. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
«№51 мекемеде болған оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті.
Оқи отырыңыз: