$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте салмағы 1 келі нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Сәби 45 күн бұрын ғана дүниеге келген

Шымкентте салмағы 1 келі нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды
Фото: ДСМ

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында салмағы небәрі 1 келі болатын 45 күндік сәбиге ашық артериялық өзекке күрделі жүрек отасы сәтті жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Шала туған нәрестеге күрделі диагноз қойылды

Сәби жүктіліктің 25-аптасында дүниеге келген. Дәрігерлер оны наурыз айының басында жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөліміне жеткізді. Туған кездегі салмағы – небәрі 655 грамм, бойы – 28 сантиметр. Мамандар оның денсаулығын тексеріп, бірнеше ауыр диагноз қойған:

  • Ашық артериялық өзек (туа біткен жүрек ақауы)
  • Респираторлық дистресс-синдром

Жасанды тыныс алу аппаратына қосылды

«Нәрестенің жағдайы өте ауыр болды. Сол себепті бірден өкпенің жасанды желдету аппаратына қосуға тура келді. Қайта-қайта кардиохирургтермен кеңесіп, баланың салмағы 1 келіге жеткен кезде жүрекке ота жасау туралы шешім қабылданды», – деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Ота сәтті өтті

45 күн бұрын дүниеге келген балаға жасалған операцияны қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургі Асан Жұманов, перинаталдық орталықтың анестезиолог-реаниматологы Ақжол Абдраимов жүргізді.

Ота сәтті аяқталды. Қазір баланың жағдайы – тұрақты ауыр, ол неонаталды жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Серіктес жаңалықтары