«Қазақ елі, сүйінші!»: әнші Бүркіт жақсы жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Оны желі қолданушылары жаппай құттықтап жатыр

Фото: видеодан скриншот

Қазақ эстрадасының танымал өкілі, Бүркіт атымен танылған Айбек Сейітов қызды болды. Өнер иесі әлеуметтік желіде көптен күткен қуанышын бөлісіп, елден сүйінші сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым!»

Әнші қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жазды.

«Ал, қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым! Аллаhыма мың алғыс! Аллаhу акбар! Аиша аман!»– деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұл – әншінің төртінші перзенті. Бұған дейін Бүркіт пен жары Аишаның үш ұлы бар болатын.

Желі қолданушылары жаппай құттықтап жатыр

Желіде әншінің жазбасына «Қыздың жөні бөлек, Алла ұзақ ғұмыр берсін!», «Бақытты болыңдар, Бүркіт-Аиша!», «Қыз бала – шаңырақтың ырысы мен берекесі!» – деген сынды тілектер жазылды.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда танымал әнші Айбек Сейітовтің жұбайы Викто́рия Жансейітованың видеосы көптің талқысына түскен еді. Сонымен қатар оның ата-анасының алаяқтарға алданып қалғаны белгілі болды. Одан бүрін жұлдызды жұм Бүркіт пен Аиша Наурызға арналған клипімен елді таңғалдырды. Олар ерекше образбен көзге түскен еді.

Бүркіттің ата-анасы трендке айналған видеоны қайталап, миллиондаған қаралым жинағанын да айта кету керек. Сонымен қатар мемлекетке 2,1 млрд теңге салық қарызы бар делінген блогер Алибеков әнші Бүркітке 20 мың доллар бермек болды. Одан бұрын ол кинематография саласында 160 мың доллар көлемінде қаржысынан айырылғанын мәлімдеді.