$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тағы да Талғар: бұл жолы есірткі жасап жүргендерден 100 кг мефедрон табылды (ВИДЕО)

Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор тәркіленді

Тағы да Талғар: бұл жолы есірткі жасап жүргендерден 100 кг мефедрон табылды (ВИДЕО)

Алматы облысының Талғар қаласында есірткі өндіріп жүргендерден 100 кг мефедрон табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аймақтық Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды. Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылды. Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 кг дайын өнім, мефедрон тәркіленді.

«Жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.

Есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеміз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта марқұм Шерзат Полатқа қатысты сот ісі өтіп жатыр. Кеше судья блогерлерді арандатушылық жасамауға шақырғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары