15.05.2025, 23:07
Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңе алмай қалды
Азия біріншілігінде ауыратлеттеріміз екі медаль ғана иеленді
Фото: Olympic.kz
Қытайдың Цзяншань қаласында ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жарысты аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық құрама жарыс қорытындысы бойынша екі медаль жеңіп алды. Алайда бұл жолы қазақстандық ауыр атлеттер жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріле алған жоқ.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Пётр Хребтов қола медаль иеленсе, 102 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Артём Антропов күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал Егор Шерер (89 келіге дейін) мен Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Көп оқылған
02.04.2026, 15:48
Екі бала қоршаудан әрі ұшып кеткен: Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
02.04.2026, 13:13
Табысынан шығыны көп қазақстандықтар енді 10 пайыз салық төлеуі мүмкін
02.04.2026, 11:28
Юпитерден энергия алу идеясын ұсынған: қазақстандық оқушылар әлемдік байқауда жеңіске жетті
02.04.2026, 14:58
Павлодарда ер адам досын қорғаймын деп пышақ жарақатынан қаза тапты