14.05.2025, 12:57
Жаңалықтар
Кәмелетке толмаған өгей қызын зорлаған: Қостанай облысында ер адамның мәйіті табылды
Полиция оқиғаны ресми түрде растады
Фото: depositphotos.com
Қостанай облысында өгей қызын зорлады деген күдікке ілінген ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің редакция тілшісіне берген жауабында ер адамның көз жұмғанын растады.
«Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерінсіз ер адамның мәйітін табу фактісі бойынша полиция қылмыстық істерді қозғады.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Процессуалдық шешім тиісті сараптамалардың нәтижелері алынғаннан кейін қабылданады», - делінген облыстық Полиция департаментінің редакция тілшісіне берген жауабында.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)