Ресей азаматы АҚШ-та 2,5 млн доллар тұратын яхтаны ұрлаймын деп ұсталып қалды (ВИДЕО)
Оқиға АҚШ-тың Флорида штатында болды

Ресей азаматы АҚШ-тың Флорида штатында құны 2,5 млн доллар тұратын яхтаны ұрлап бара жатқан жерінен ұсталып қалды. Ол қымбат су көлігін Багам аралдарына айдап кетпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, 29 жастағы ресейлік иммигрант Николай Вилков Флорида штатындағы Хобе Саунд қаласының маңында люкс яхтасын ұрлап кеткен. Яхтаның күтпеген жерден кетіп бара жатқанын көрген куәгер иесіне хабарласып, жағдайды жеткізген. Ары қарай бұл іске полиция бірден кіріседі, олар яхтаны қуып жетіп, оны орманның бұрышына қысып, Вильковты қолға түсіреді. Яхта 200 000 доллар шығынға ұшырады.
Бір қызығы, яхтаны айдап кетпес бұрын Вильков жағалау күзетінің кемесін басып алмақ болған
Baza Telegram каналы Вильковтың АҚШ-қа 2022 жылы отбасымен бірге барып, ресми босқын мәртебесін алғанын жазды. Жергілікті полицияның мәліметінше, Вильковтың әйелі мен баласы өткен аптада Ресейге оралған.