$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мақтаншақтығым бар енді»: әнші Ерке Есмахан өзіне тағылған сынға жауап берді

Әнші өз сөзінде бұл оның күнделікті, жәй ғана қалыпты тіршілігі екенін айтты

«Мақтаншақтығым бар енді»: әнші Ерке Есмахан өзіне тағылған сынға жауап берді
Фото: Instagram/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан өзіне тағылған сынға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші өз сөзінде бұл оның күнделікті, жәй ғана қалыпты тіршілігі екенін айтты.

«Мақтаншақсың» деп жазып жатасыздар ғой маған. Ондайым бар енді, мойындаймын. Менің жүріс-тұрысым, өмірім-өнерім, іс-қимылым, киім-кешегім бәрі бір мақтанышақтыққа жататын шығар. Бірақ ол менің күнделікті, жәй ғана қалыпты тіршілігім. Өзім де таңғаламын. Сондай жақсылықтарға мені лайықты көрген Аллаға сансыз шүкір.

Сіздердің де өмірлеріңіз мақтанып жүретіндей берекеге толы болсын! Барлығын молынан нәсіп етсін Алла!» - деді Ерке Есмахан.

Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан күйеуі Raim-ның сыйлығын көрсетіп мақтанғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары