$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Абу Дабидің тақ мұрагерін елорда әуежайынан шығарып салды

Астанада «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумында коммерциялық келісімдерге қол қойылды

Тоқаев Абу Дабидің тақ мұрагерін елорда әуежайынан шығарып салды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабидің тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабидің тақ мұрагері Астанада «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумында мынадай коммерциялық келісімдерге қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен QazaqArab Sugar ЖШС арасында Қазақстанда қант зауытының құрылысы жобасы бойынша инвестициялар жөніндегі келісім;
  2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласы әкімдігі мен Presight компаниясы арасында мәліметтерді өңдеу орталығының құрылысы бойынша меморандум;
  3. Астана қаласы Білім басқармасы мен Emirates Kazakhstan Education Investment Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  4. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Abu Dhabi Global Market арасында мәліметтерді қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
  5. «ҚМГ Инжиринг» ЖШС мен AIQ арасында білім алмасу және AIQ шешімдерін әзірлеуге арналған стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі келісім;
  6. «Атамекен» ҰКП Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Khalifa Economic Zones Abu Dhabi арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  7. SEMURG INVEST ЖШС мен Abu Dhabi Ports Group арасында «Құрық» портында «Саржа» әмбебап терминалының құрылысын жүргізу және пайдалану жобасы бойынша мәміленің негізгі шарттары жөніндегі келісім;
  8. «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймағы АҚ мен Khalifa Economic Zones Abu Dhabi арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  9. «Alel Agro» АҚ мен LULU Group арасында агро азық-түлік өнімдерінің саудасын ілгерілету және сатып алу саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

«Президенттің айтуынша, келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады. Бүгін қол қойылған құжаттардың жалпы сомасы 5 миллиард долларға жуық. Бұл экономиканың негізгі секторларын қамтитын коммерциялық келісімдер серіктестік аясын кеңейтуге септігін тигізеді», - делінген Ақорда хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары