12.05.2025, 07:18
Жаңалықтар
Түркияда ірі жол апаты: 8 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды
Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр
Фото: Видеодан скрин
Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында болды. Turknws мәліметінше, жолаушылар автобусы, жүк көлігі және жеңіл көлік қақтығысқан. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен автобустың жеті жолаушысы қаза тапты (бесеуі – оқиға орнында, үшеуі – ауруханада), 20 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Жол апаты жүк көлігі аударылып кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткеннен кейін болғаны атап өтілді.
Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды