07.06.2020, 11:39
Жаңалықтар
Елордада дезинфекциялауға байланысты автобус бағыттары өзгерді
8 автобустың бағыты уақытша өзгерді
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан қаласында 8 автобустың бағыты өзгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл - жөндеу және дезинфекция жұмыстарына байланысты. «City Transportation Systems» ЖШС №19, 40, 29, 14, 32, 3, 4, 4А бағыттары қозғалыс кестесін уақытша өзгертетінін хабарлады», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Қарулы Күштерінің әскерилері Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекция жұмыстарының екінші кезеңін бастады. Сонымен қатар 150-ге жуық көше жөнделіп жатыр.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)