Нұр-Сұлтанда апаттық жағдайдағы үйлер сүріле бастады
Биыл 800-ден астам отбасы жаңа және қауіпсіз үйге көшіріледі
Нұр-Сұлтанда ескі апаттық үйлерді бұзу жұмыстары басталды. Биыл 800-ден астам отбасы жаңа және қауіпсіз үйге көшіріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мәселен, қазір Бейсекбаев көшесінде орналасқан ескі үйлер күрелуде. Бұл үйлердің пайдалануға берілгеніне 70 жылға жуықтады. Жыл соңына дейін күрелетін үйлердің қатарында 1930 жылы салынған баспаналар бар. Бұдан бөлек 2020 жылы ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделіп, 100-ден астам жеделсатыға жөндеу және ауыстыру жүргігізіледі. Жаңғырту бағдарламасы – ол қайтарылатын қаржы. Мемлекет күрделі жөндеуге қаржы бөледі, кейін ол 15 жыл мерзімге дейін тұрғындардың арасында бөлінеді», - деп жазылған хабарламада.
Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 8 апатты үйдің тұрғындары көшіріліп, 90-нан астам отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Сонымен бірге үйлері мұнай базасына жақын орналасқан 39 разъездің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.