09.05.2025, 10:36
Жаңалықтар
Астанада Жеңіс күніне арналған отшашу болады
Фейерверк 9 мамыр күні сағат 22:00-де екі негізгі локациядан атылады
Фото: © istockphoto.com
Астанада 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Фейерверк 9 мамыр күні сағат 22:00-де екі негізгі локациядан атылып, елордалықтар мен қонақтарға жарқын әсер сыйламақ:
- Ботаникалық бақ аумағы;
- «Атырау» көпіріне жақын орналасқан алаң.
Әрбір алаңда шамамен төрт мыңға жуық отшашу атылады. Мерекелік шараны ұйымдастыруға демеушілер қаржы бөлген.
Астаналық әкімдік тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және отшашуды арнайы белгіленген орындардан тамашалауға шақырды. Жарқыраған фейерверк бейбіт өмір мен қаһармандар ерлігінің нышанына айналмақ.
Көп оқылған
21.09.2026, 16:52
Апалы-сіңлілі екі әйел 2 жыл бойы Астананың сол жағалауында 18 жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып келген (ВИДЕО)
21.09.2026, 10:57
«Арасында 52 ұл, 17 қыз бала бар»: ішкі істер министрлігі Қазақстандағы ата-аналарға шұғыл мәлімдеме таратты (ВИДЕО)
21.09.2026, 13:08
Машинист байқап қалған: теміржол маңында жүрген төрт жасар бүлдіршіннің ата-анасы табылды
21.09.2026, 09:57
Жетісу облысында төрт жасар бала иен далада жалғыз жүрген - оны пойыздың машинисі құтқарып алды (ВИДЕО)
21.09.2026, 08:31
Балиде жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды