08.05.2025, 10:06
Жаңалықтар
ҚТЖ жазда қосымша пойыздар шығаратын болды
Пойыздар маусым мен қыркүйек аралығында қатынайды
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
ҚТЖ алдағы жазда қосымша пойыздар шығаратын болды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы жаз мезгілінде 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында төмендегі пойыздар қатынайтын болады: 3 Тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады:
- №253/254 «Астана — Достық» (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
- №207/208 «Алматы — Жаланашкөл» (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
- №211/212 «Алматы — Достық» (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
- №221/222 «Алматы — Достық» пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
- №457/458 «Семей — Достық» пойызы күнара қатынайды.
- №459/460 «Өскемен — Достық» пойызы күнара қатынайды.
- «Алматы — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- «Қызылорда — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- «Павлодар — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- №201/202 «Астана — Алматы» пойызы күн сайын жүреді.
- №203/204 «Астана — Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.
«Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды