05.05.2025, 10:17
Жаңалықтар
Талдықорғанда үй салатын кран өртеніп кетті
Оқыс оқиға құрылыс нысандарының бірінде болды
Фото: Видеодан скрин
Талдықорғанда мұнара кранының кабинасынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 4 мамыр күні Құлагер шағын ауданындағы құрылыс нысандарының бірінде болды. Оқиға орнынан куәгердің түсірген видеосын блогер Айдос Кертаев Instagram парақшасында жариялады.
«Салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында мұнара кранының кабинасы өртенді. Өрт туралы хабарлама сағат 11:38-де түсті. Бөлімшелер келгенге дейін өрт өздігінен сөндірілді. Алайда, келгеннен кейін өрт сөндірушілердің көмегімен өрт ошағын біржола жойып, оның қайта таралуына жол бермеді», – деді Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрттің ауданы шамамен екі шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
