$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстаулық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең үздік лингвисі атанды

Рамазан Бутантаев аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді

Маңғыстаулық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең үздік лингвисі атанды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Маңғыстаулық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең үздік лингвисі атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев абсолютті жеңімпаз атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.

Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:

  • Рамазан Бутантаев — 10-сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;
  • Самир Сарбасов — 12-сынып, НЗМ, Астана қаласы;
  • Тимур Кантаев — 11-сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;
  • Зере Серікова — 11-сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;
  • Темірлан Сейтбаттал — 11-сынып, БИЛ, Ақмола облысы.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

  • Ислам Сипатталов — 10-сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;
  • Шыңғыс Қарасаев — 11-сынып, НЗМ, Орал қаласы;
  • Арон Хасанов — 11-сынып, БИЛ, Атырау қаласы.

Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.

APLO-2025 зияткерлік жарысына биыл Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты елдерден 500-ге жуық оқушы қатысты.

Серіктес жаңалықтары