$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

Көлік қозғалысы тек бір бағытта және жолдың бір жағымен ғана жүзеге асырылады

Астанадағы көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады
Фото: Azattyq Rýhy

Астанада 3–9 мамыр аралығында Абылай хан даңғылының Манас көшесінен бастап Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі бөлігі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол жабынын жөндеу жұмыстарын Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы кезең-кезеңімен жүргізеді. Осыған байланысты көлік қозғалысы тек бір бағытта және жолдың бір жағымен ғана жүзеге асырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден уақытша шектеулерді ескеріп, маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы нұсқаулықтар орнатылады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары