$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда жеңіл көлік автобус пен жүк пойызының арасына қысылып қалды

Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Таразда жеңіл көлік автобус пен жүк пойызының арасына қысылып қалды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Тараз қаласында жолаушылар автобусы, жеңіл көлік және жүк пойызы қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрларда жеңіл автокөліктің пойыз бен автобус арасында қысылып қалғаны көрінеді.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, апат 4 мамыр күні сағат 11:25 шамасында Тараз – Жаңатас учаскесіндегі Бурыл станциясының жеке кірме жолындағы теміржол өткелінде болған.

«Mercedes маркалы жеңіл көлік жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережесін бұзып, жүк пойызының вагондарымен соқтығысты. Қаза тапқандар жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік пен жауапты органдар жол-көлік оқиғасының себептерін анықтауда.

Серіктес жаңалықтары