04.05.2025, 13:51
Жаңалықтар
Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан
Фото: © istockphoto.com
4 мамыр күні Қазақстанның Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Алматы қаласының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 11:45-те тіркелген. Табиғи құбылыстың координаттары: солтүстік ендік 41.670, шығыс бойлық 82.310. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан 477 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.
Сейсмологтар жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпараттың тіркелмегенін мәлімдеді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды