$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда есірткі жеткізудің халықаралық арнасы тоқтатылды

Ұсталғандар сот санкциясымен қамауға алынды

Қазақстанда есірткі жеткізудің халықаралық арнасы тоқтатылды
Фото: ҰҚК

Астана мен Алматыда өткізілген арнайы операция барысында Қазақстан ҰҚК қызметкерлері синтетикалық есірткі жеткізудің халықаралық арнасын жойды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Прокуратура органдарымен бірлесіп жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде есірткі бизнесінің ұйымдастырушысы делінген азамат ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Сонымен қатар, Алматы облысында жерасты қоймасы анықталып, одан тыйым салынған заттар тәркіленді», — делінген хабарламада.

Арнайы қызмет өкілдері Қазақстан азаматын аса ірі көлемде есірткі сақтап, таратты деген күдікпен қамауға алды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол өңірде жұмыс істейтін ірі онлайн-есірткі дүкенінің қызметіне қатысы болуы мүмкін.

«Тергеу барысында 18 келі психотроптық зат пен 500 литрден астам химиялық прекурсорлар тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді ҰҚК өкілдері.

Қазіргі таңда тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді. Бұл іске қатысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес ақпаратты жариялауға шектеу қойылған.

Серіктес жаңалықтары