$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда жүргізуші куәлігінсіз жүрген 30-ға жуық адам мопедінен айырылды

Мопед айдау үшін А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі болуы керек

Қостанайда жүргізуші куәлігінсіз жүрген 30-ға жуық адам мопедінен айырылды
Фото: ҚР ІІМ

Қостанайда жүргізуші куәлігінсіз қала көшелерінде емін-еркін жүрген 30-ға жуық адам мопедінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шаралар барысында мопед жүргізушілері жасаған 73 құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде масаң күйде жүргізудің 4 жағдайы, тіркелмеген техниканы пайдаланудың 15 фактісі, техникалық ақаулы мопедтерді жүргізудің 7 фактісі. Сонымен қатар, 27 адам жүргізуші куәлігінсіз мопед жүргізген.

Полиция қызметкерлері 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестірілгенін және оларды басқару үшін А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеруден өту және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың болуы қажет екенін еске салады.

«Қостанай облысында бүгінгі таңда 1384 мопед тіркелген. Полицейлер жаңа талаптарды сақтаудың маңыздылығын атап көрсетеді – бұл тек заңдылық мәселесі ғана емес, сонымен қатар жүргізушілер мен айналасындағылардың жеке қауіпсіздігі», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары