«Саған қандай жігіт керек?»: Анна Данченко көңіліндегі ер адам жайлы сыр бөлісті (ВИДЕО)
Тележүргізуші өзіне жеке өмірі жайлы сұрақ жиі қойылатынын ерекше қозғап өтті

Танымал тележүргізуші Анна Данченко көңіліндегі жігіт жайлы сыр бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тележүргізуші өзіне жеке өмірі жайлы сұрақ жиі қойылатынын ерекше қозғап өтті.
«Маған жиі қойылатын сұрақ: «Саған қандай жігіт керек?». Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербековтің әндерін тыңдайтын жігіт керек. Жауап осы», - деп жазды Анна Данченко.
Желі қолданушылары тележүргізушінің бұл жазбасына түрлі қағытпа пікірлер қалдырып өтті.
«Екеуініңде 99% әндеріне қосылып шырқап кете алатыным бар. Қалай?», «Бұл әнді де білемін, «Меломен» тобының орындауында көп тыңдағанмын», «Мен Ғазизханды үнемі тыңдап жүремін», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Анна Данченко сахнадан ұзап кеткен әнші Кәмшат Жолдыбаеваның жеке өміріне қатысты жұрт біле бермейтін құпияны айтқаны хабарланған.