Алматыда жер сілкінді
Жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл көлемінде сезілді
Сейсмикалық станциялар желісі бойынша 6 маусым күні таңғы сағат 6 кезінде Алматы қаласында жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығыс бағытына қарай 244 км жерде Қазақстан Республикасының аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.2 Магнитудасы MPV 6.2. Тереңдігі 25 км. Жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл көлемінде сезілді», - деп жазылған хабарламада.
Полиция Департаментінің мәліметтеріне сәйкес, патрульдік учаскелерде ешқандай зақым болмаған және қираған жағдай байқалмаған. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түспеген.
«Қазселденқорғау» ММ гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қауіпті және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталмағанын хабарлады.