Қостанайда балық аулауға барған зейнеткер суға батып кетті
1953 жылы туған ер адамның денесі төрт сағаттан кейін табылған
Қостанай облысы Бейімбет Майлин атындағы ауданда қайғылы оқиға тіркелді. Тобыл өзенінің оң жағалауындағы бұл ауданның су сору станциясында зейнеткер суға батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Руднай қаласының тұрғыны, 1953 дыоы туған азамат өзен жағасына балық аулауға келген. Сол күні таңғы сағат 10.00 шамасында Майлин ауданының төтенше жағдайлар қызметіне адам жоғалды деген ақпарат түседі.
«Сағат 11.50 шамасында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары келіп, суға кеткен адамның денесін іздеуге кірісті. Сағат 13:45-те сүңгуірлер жағадан үш метр жерде жатқан ер адамның денесін тапқан. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады», - деп хабарлайды аймақтық полиция.