$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сегіз қалада ауаның ластану деңгейі артады: тұрғындарға ескерту жасалды

Бұл қалаларда қолайсыз метеожағдайлар тіркеледі

Сегіз қалада ауаның ластану деңгейі артады: тұрғындарға ескерту жасалды
Фото: © istockphoto.com

1 мамыр күні Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Метеорологтардың болжамынша, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Атырау, Ақтөбе және Астана қалаларында қолайсыз метеожағдайлар тіркеледі.

«Аталған қалаларда ауада зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдай – атмосферада желсіздік, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың үйлесуі нәтижесінде зиянды заттардың жиналуына себеп болатын құбылыс. Мамандар тұрғындарға ауа сапасына назар аударып, сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары