ШҚО-да жүрек талмасына ұшыраған қарт кісіге полицейлер бірінші көмекке келді
Олар оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізді

ШҚО-да жүрек талмасына ұшыраған қарт кісіге полицейлер бірінші жетіп, көмекке көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алтай ауданында патрульдік полиция батальонының 01-борттық нөмірімен қызметте жүрген инспекторлары патрульдеу бағыты барысында кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып жерге құлаған ер адамды байқаған.
Бір сәтке де кідірместен полиция капитаны Қуаниязов Ринат пен полиция аға лейтенанты Қалиқан Сырым алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда азаматтың жағдайының ауырлығын ескеріп, олар оны дер кезінде жақын маңдағы ауруханаға өз көліктерімен жеткізуді ұйғарған.
«Медицина қызметкерлері 70 жастағы зейнеткерге жүрек талмасы диагнозын қойды. Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі сауатты әрекетінің арқасында медициналық көмек уақытында көрсетіліп, бұл адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарды.
«Мұндай сәтте адам туралы ғана ойлайсың. Біз тек өз борышымызды орындадық», — деді полиция капитаны Ринат Қуаниязов.
Зардап шеккен азаматтың жұбайы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді:
«Ринат пен Сырым секілді, жанашырлық танытып, дер кезінде көмек көрсеткен тәртіп сақшыларының арқасында жолдасым аман қалды. Оларға шын жүректен алғысымды айтамын!».