$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда тіс емханасын тонап кеткен адам ұсталды

Күдіктінің 35 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды

Таразда тіс емханасын тонап кеткен адам ұсталды
Фото: freepik

Таразда тіс емханасын тонап кеткен адам бейнекамера арқылы анықталып қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлерімен Тараз қаласындағы тіс емханаларының бірінде болған ұрлық дерегі бойынша 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды.

Оның тіс емханасы ішіндегі кассадан 455 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Ер адам ұрлаған қаражатты жеке қажеттілігіне жаратып жібергендігі анықталды.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары