$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2020, 01:08
Жаңалықтар

Жыл соңына дейін «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолы ішінара ашылады

Жол түгелдей жөнделмесе де, 65 шақырымындағы жағдай жақсарады деп хабарланып отыр

Жыл соңына дейін «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолы ішінара ашылады
Суретті ИИДМ баспасөз қызметі ұсынды

Қостанай облысында республикалық маңызға ие «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы ұзындығы 114 шақырым жол облыстағы бірқатар елдімекенді байланыстырып отыр. Сондықтан, жоба облыстың дамуына зор серпін береді, дейді министрліктің өкілдері.

Жалпы, ұзындығы 35 шақырымды құрайтын Денисовка елді мекенінен Перелески елді мекеніне дейінгі жол аралығы және ұзындығы 30 шақырымды құрайтын Перелески елді мекенінен Тобыл станциясына дейінгі аралық қайта жаңғыртудан өтеді.

«Қайта жаңғырту жұмыстары Антоновка, Алчановка, Валерьяновка елді мекендері мен Рудный, Лисаковск қалалары арқылы өтеді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Иврус» және «АБК-Автодор НС» ЖШС жүргізіп жатыр.  Сонымен қатар, биыл жолдың Тобыл станциясы мен Рудный қаласы аралығындағы учаскелерде тиісті жұмыстар басталды. Жол учаскелерінің жалпы ұзындығы 49 шақырымды құрайды», - деп хабарлаған министрліктің баспасөз қызметі.

Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң 114 шақырымдық жол учаскесі 2 жолағы бар ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкеседі. Жол жөндеу жұмыстарына 475 адам мен 230 техника жұмылдырылған. Нысан толығымен 2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 

Серіктес жаңалықтары