$ 514.5  582.67  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да зейнеткерді ағаш басып қалды: ол алған жарақатынан көз жұмды

Оқиға Булаев қаласындағы зираттардың бірінде болды

СҚО-да зейнеткерді ағаш басып қалды: ол алған жарақатынан көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында қайтыс болған жандарды еске алу күні қайғылы оқиғамен аяқталды. Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Булаев қаласындағы зиратта 69 жастағы әйел адамды ағаш басып қалды. Ол алған жарақатынан қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Qazaqstan Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

103 пультіне хабарлама түскі уақытта түскен. Зейнеткер аудандық ауруханаға жатқызылды. Қабылдау кезіндегі жағдай өте ауыр деп бағаланды.

«Зардап шеккен адамға ашық ми жарақаты диагнозы қойылды. Дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясының барлық шарасын өткізді. Алайда, олар көмектескен жқ. Әйел адам қайтыс болды», - деп хабарлады аудандық ауруханада.

Айта кетейік, өңірде қатты жел соғып тұр. Оның екпіні 32 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #зейнеткер